Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркістан облысында жоғалған туристердің заттары табылды
Түркістан облысындағы Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің заттары табылды.
19:37 08.06.2021
Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
«Бүгін сағат 13:10-да Түркістан облысы Төле би ауданының Айғыржыққан және Өгем өзендері қосылған тұстан 500 метр жерде жоғалған туристердің заттары (жемпір, аяқ қиім, ұйықтауға арналған қап) табылды. ТЖМ құтқарушылары оларды полиция қызметкерлеріне табыстады. Туристердің бірінің анасы табылған заттардың арасынан өз баласының киімін таныды», - дейді ведомство өкілі.
Оның мәліметі бойынша, жоғалған екі туристі іздеу жұмыстары жалғасып жатқан көрінеді. Қазіргі уақытта жоғалған екі туристті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Аймақта «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен аэровизуалды барлау жұмыстары жүргізілді. Іздестіру жұмыстары 15 тәулік бойы жүріп жатыр. Оған Түркістан облысы ТЖ, Полиция департаменттерінен, ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жеке құрамынан 137 қызметкер, 17 техника, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылды. Іздеу жұмыстары тоғыз бағытта жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram