{metadescription}
Ақмола облысында үш қаңғыбас төбелесіп, біреуі мерт болды

Ақмола облысында үш қаңғыбас төбелесіп, біреуі мерт болды

Ақмола облысында белгілі бір тұрғылықты орны жоқ үш қаңғыбас төбелесіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, маусымның 7-інде түнгі уақытта Щучье қаласында араққа сылқия тойып алған үш қаңғыбас өзара жанжалдасып, артынша төбелескен. Салдарынан 60 жастағы ер адам алған дене жарақатынан көз жұмды. Оның денесі аудан орталығындағы аялдамадан табылды, денесінде бет жарақаттары мен гематомалар бар.

«Жүргізілген жедел - іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 1989 жылы туған екі күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 106 бабының 3-бөлігі «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде», - деді ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде