{metadescription}
Солтүстік Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Солтүстік Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Өңірде балалар лагерлері, ойын алаңдары, ойын-сауық мекемелері қалай жұмыс істейтінін бас санитар дәрігер айтып берді.

Солтүстік Қазақстан облысында карантиндік шаралар жеңілдетіледі, деді облыстың бас санитар дәрігері Әсет Жұматаев.

Оның айтуынша, пандемия басталғаннан бері облыста коронавирустық инфекцияның 14 918 жағдайы тіркелді, оның 9 463-і (63%) симптоматикалық, 5 455-і (37%) симптомсыз жағдайлар. Өткен тәулікте 13 жағдай тіркелді.

"Дер кезінде енгізілген карантиндік шектеу шаралары өз нәтижесін берді. Соңғы аптада коронавирусты жұқтыру 46 %-ке, яғни 258-ден 139-ға жағдайға дейін азайды.  Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, облыс 3 маусымнан бері "жасыл" аймақта", - деді Жұматаев.

Ол 9 маусымнан бастап облыста карантиндік шаралар жеңілдетілетінін айтты. Облыстың бас санитар дәрігері тиісті қаулыға қол қойды. Келушілер санын 30%-тен асырмай бильярд, боулинг, компьютер клубтары мен аквапарктің және ғимарат ішіндегі балалардың ойын алаңдарының жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Олар 29 мамырдан бері жабық болатын.

"Келушілер санын 30%-дан және 50 адамнан асырмай, банкет залдарында еске алу іс-шараларын өткізуге болады. Діни нысандарда да адам санын асырмай, маска тағып және 4 метр әлеуметтік ара қашықтықты сақтап іс-шараларды өткізуге рұқсат беріледі", - деді бас санитар дәрігер.

Мдениет нысандарында жеке, топтық дайындықтарды адам санын 50-ден асырмай өткізуге болады. Мектепке дейінгі мекемелерге топтарды қосып, іс-шара өткізбей жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Спорттық іс-шараларды көрермен санын 20%-тан, ал кинотеатр, театр, концерт залдарының жұмысын көрермен санын 30%-тен асырмай ұйымдастыруға болады. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы сағат 2.00-ге дейін ұзартылады. Өңірде 77 719 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды, 42 638 адам вакцинаны толық алды.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде