Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Таразда ер адамды тонау сәті видеоға түсіп қалды
Тараз қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны шағымданған.
10:02 09.06.2021
Ол түнгі сағат 02:50-де белгісіз адамның “Samsung galaxy” ұялы телефонын ашық түрде ұрлап, қашып кеткендігі туралы айтты. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 191-бабы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында, сондай-ақ Тараз қаласының жедел бақылау орталығындағы бейнебақылау камералары операторларының жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде полиция қызметкерлері 39 жастағы жергілікті тұрғынды ізін суытпай ұстады. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады және ол жәбірленушімен танылды. Қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram