{metadescription}
Ақмола облысында алты жасар баланың басына белтемір құлап кетті

Ақмола облысында алты жасар баланың басына белтемір құлап кетті

Ақмола облысының Степногорск қаласында алты жасар балақайға темір конструкция құлап, бас сүйегі жарылды.

Бұғы бейнесіндегі темір балалардың ойын алаңына белтемір ретінде орнатылған екен.

“Түбі босап тұрған конструкция баламның басына құлаған. Көрсеңіздер ғой, ендігі күні не болады? Сап-сау бала, бас сүйегін тесіп, ота жасады. Әкімге де, прокуратураға да бардық. Уақыт өтеді, ұмытылады деп ойлап жүрген шығар. Жауап жоқ”, – дейді зардап шеккен Мансұрдың анасы Мақпал Жұмабекова.

Кішкентай Мансұрдың басы сол жерде қанжоса болып, ес-түссіз жатқан. Аулада бірге ойнап жүрген балалар болған жағдайды оның анасына телефонмен хабарлапты. Жедел жәрдеммен бірден жансақтау бөліміне жеткізіліп, балақайдың бас сүйегіне трепанация жасалған. Яғни бассүйегін тесіп ота жасапты. Мансұр қазір облыс балалар ауруханасында жатыр.

Мансұрдың анасының сөзінше, оқыс оқиға болған ауладағы әткеншектер тым сапасыз. Биыл мектеп табалдырығын аттаған балақайдың ата-анасы  болған жағдайды айтып құзырлы орындарға шағымданыпты. Алайда жазаға тартатын ешкім жоқ. Себебі қауіпті алаңдар иесіз екен. 

“Ол алаң Кеңес одағы уақытынан тұр. Бұл жағдайдан кейін тапсырма бердік. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық пен ПИК қалған алаңдарды қарап шықсын. Қазір неге баланста жоқ, оны айта алмаймын. Тексеріс өткіземіз, сынық алаңдарды қайта жөндейміз. Қалғанын ТКШ балансына аламыз”, – деді Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде