Түркістан облысында оқушы қыз емтиханнан кейін өз-өзіне қол салды
Трагедия Түркістан облысында болды.
13:25 09.06.2021
Қыздың анасы балаға емтихан кезінде қысым көрсетілгенін айтып отыр. Түркістан облысында тоғызыншы сынып түлегі Эльвира Мықтыбек емтиханнан кейін өз-өзіне қол жұмсады. Ата-анасы қыздарының өлер алдындағы хатын тауып алды. Онда "Анашым, мен сіздердің үміттеріңізді ақтамадым" деп жазылған.
Әйел қызының сыныптастарынан емтиханда не болғанын сұраған. Олардың айтуынша, мектеп директоры қыз "үшке" оқығандықтан, оның балын әдейі төмендетіпті-міс. Марқұмның анасы, сонымен бірге, оның сынып жетекшісі де болған. Ал мектеп директоры оқушыға қысым жасалғанын жоққа шығарып отыр.
Дереккөз: Otyrar.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!