Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Халықтың алдына шығатын кез келді: Нығматулин Алекcей Цойдың жұмысын сынады
Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға бөлім жұмысындағы олқылықтар туралы білу үшін емханаға барып, халықпен әңгімелесуді ұсынды.
14:02 09.06.2021
“Сізге, Құрметті министр мырза, халыққа шығатын кез келді. Санитар дәрігердің нұсқаулары арқылы адамдармен сөйлесуді тоқтатыңыз. Аудандық жерлердегі ауруханаға, емханаға барыңыз. Онда кезекте отырған адамдармен сөйлесіңіз. Сол кезде медициналық көмектің сапасы туралы көп нәрсе білесіз деп ойлаймын” – деді мәжіліс төрағасы үкіметтің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау барысында.
Нұрлан Нығматулин министрден халықпен және журналистермен байланыс орнатуды сұрады.
“Індетке байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне салмақ түсіп тұрғанын түсінеміз. Бірақ та біраз уақыт өтті ғой, жинақталу керек. Баспасөз мәслихаты өтетін Орталық коммуникациялар қызметінен бөлек, қарым-қатынасты жолға қойған дұрыс болады. Біздің сайлаушылармен байланыста болыңыздар”, – деп атап өтті палата төрағасы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram