Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
БҚО-да ер адамды жүк пойызы қағып кетті
Батыс Қазақстан облысында жүк пойызы қағып кеткен ер адам ауруханаға жеткізілді.
19:17 09.06.2021
ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 9 маусым күні таңға жуық болды. Сағат 05.00-дер шамасында Орал станциясындағы желілік полиция бөліміне Қазақстан станциясында ер адамды жүк пойызының қағып кеткені жөнінде хабар түскен.
«Темір жол бойында жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабы 1-бөлігі, яғни теміржол көлігі жүрісі немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша Орал станциясы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram