Коронавирус пен пневмониядан 15 адам қайтыс болды
Қазақстанда бір тәулікте 15 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
09:25 10.06.2021
10 маусымда жарияланған мәлімет бойынша, 22 456 адам коронавирус инфекциясынан (21 438 КВИ+ және 1 018 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 7 576 науқас стационарда,
- 14 880 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 516 адамның жағдайы ауыр,
- 11 науқастың жағдайы өте ауыр,
- 78 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
8 маусымдағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 71 оқиғасы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 22 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырды – 55999, қайтыс болды – 944, жазылып шықты 51581 адам. Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 13 адам көз жұмды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!