{metadescription}
Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы болып сайланды

Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы болып сайланды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы болып сайланды.

Сенат отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьясын сайлау және қызметінен босату туралы мәселе қаралды. Отырысқа қатысушылар Денис Шиптің басқа қызметке ауысуына байланысты оны Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы мәселені бірауыздан қолдады.

Сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Сергейұлы Мусин Жоғарғы соттың судьясы болып бірауыздан сайланды.

Қанат Сергейұлы Мусин 1966 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1989 жылы Целиноград қаласының прокуратура органдарында бастады. 

1992 – 1998 жылдары - тергеуші, прокурор-криминалист, бөлім бастығы, Ақмола қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары.

1998 жылдың маусымында Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, ал қараша айында Жамбыл облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

2001 жылдан бастап қаржы полициясында жұмыс істеді. 2007 – 2010 жылдары Қауіпсіздкк Кеңесі хатшылығының бас сарапшысы, бас инспекторы, меңгерушісінің орынбасары болды.

2010 – 2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, 2012 жылы Астана қаласы әділет департаментінің басшысы болды.  

2016 жылдан бастап парламент мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде