Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағанды базарында ер адам белгісіз жағдайда қайтыс болды
Қарағандыда Майқұдық ықшам ауданындағы "Горняк" базарында ер адам қайтыс болды, алайда оның қазасына нақты не себеп болғаны әлі айтылмады.
11:46 10.06.2021
Әлеуметтік желіде 32 жастағы экспедитордың тауар әкелгенін жазып жатыр. Әлеуметтік павильонда баспалдақтан түсіп бара жатқанда темір қоршауға тиіп, оны тоқ ұрған. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Қарағанды әкімдігі осы жағдайға байланысты түсініктеме берді, алайда ер адамның тоққа түсіп қайтыс болғаны туралы ақпаратты растамады.
"Қарағанды қаласы полиция басқармасының мәліметінше, өлімнің алдын ала себебі – ер адамның денсаулық жағдайы. Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала қорытынды жасамауды және тексерілмеген ақпарат таратпауды сұраймыз", – делінген хабарламада.
"Қарағанды патриоты" паблигінің мәліметінше, марқұмның артында екі баласы қалды.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram