{metadescription}
Оралда ер адам велосипедтен құлап, көз жұмды
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 10 маусым күні таңмен болды.
18:07 10.06.2021
«Шамамен таңғы сағат 07.00-де велосипедпен келе жатқан 62 жастағы ер адам құлап, мерт болды. Оның құлап жатқанын көрген адамдар жедел жәрдем шақырған. Алдын ала мәлімет бойынша 1959 жылғы ер адам жүрек талмасынан қайтыс болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады», - деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!