Түркістан облысында жоғалып кеткен тағы бір студенттің мәйіті табылды
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында табылған 6-ыншы турист туралы мәлімет ұсынды.
11:06 13.06.2021
"Алдын ала мәліметтер бойынша, табылған мәйіт 2004 жылы туған жігіттікі екендігі анықталды. Жоғалған жігіттің әкесі өз ұлының денесін таныды", - деді ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, 21 мамыр күні Түркістан облысының "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған 7 турист жоғалып кетті. 24 мамырда олар кері қайтуы керек болатын. 25 мамырда туристердің жоғалғаны туралы "112" пультіне хабар берілген.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!