{metadescription}
Мутацияланған коронавирусты кім тасымалдайтыны анықталды

Мутацияланған коронавирусты кім тасымалдайтыны анықталды

Коронавирусты инфекцияның жаңа штаммдарын көбіне жастар тасымалдайды, себебі оның симптомдары жас ағзада қатты біліне бермейді.

Роспотребнадзор ОЭҒЗИ клиникалық-аналитикалық жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Наталья Пшеничная осындай пікір білдірді.

"COVID-19 клиникалық белгілері біршама өзгергенімен, ол жіті респираторлы вирусты инфекцияның негізгі симптомдарының шегінде болып отыр. Бұл көбіне ауру жалпы жеңіл өтетін, бірақ сол инфекцияны таратушы болатын жастарда көп кездеседі", - деді ол.

Сарапшының айтуынша, адамдар мұрынның бітуі және түшкіру секілді коронавирус симптомдарын кәдімгі салқын тию немесе маусымдық аллергиямен шатастырып жүр. Олар бұл жағдайға жете мән бермей, қалыпты өмір сүруді жалғастыра береді.

Бұған дейін сарапшы РИА Новости порталына мәлімдегендей, коронавирустың негізгі белгілерінің өзгеруі оның мутациялануына байланысты болып отыр. Коронавирустың үнділік штаммы кезінде асқазан-ішек жолдарында өзгеріс – іштегі ауырсыну, тәбет болмау, құсу, жүрек айну және буындардың қақсауы мен құлақ естуінің нашарлауы байқалады.

Ал тамақтың ауыруы аденовирусты инфекция мен COVID-19-ға тән. Сонымен қатар, Пшеничнаяның айтуынша, коронавирустың клиникалық белгілеріне гүл тозаңдарына маусымдық аллергия да әсер етеді.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде