{metadescription}
7 қабатты үй құлап, адамдар үйінді астында қалды

7 қабатты үй құлап, адамдар үйінді астында қалды

Алдын ала болжам бойынша апатқа үйдің жанында басталған құрылыс жұмыстары себеп болған.

Қытайдың Хунань провинциясында 7 қабатты тұрғын үй опырылып құлады. Апат кезінде үйде 12 адам болған. Ресми ақпаратқа сәйкес, бес адам қайтыс болды, тағы жетеуі жарақат алды. Жалпы, бұл үйде 27 адам тұрған. Бірақ төтенше жағдай кезінде жартысынан көбі үйде болмаған.

Қытайдың орталық теледидары таратқан мәліметке сәйкес, оқиға орнына 400 құтқарушы аттанды. 80 бірлік техника тартылған. Апаттың себебін анықтау шаралары басталды. Алдын ала болжам бойынша апатқа үйдің жанында басталған құрылыс жұмыстары себеп болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде