Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Коронавирустан тез айығудың жолы анықталды
Оксфорд университетінің ғалымдары астмаға арналған ингаляторты қолдану коронавирустан едәуір тез айығуға көмектесетінін мәлімдеді.
13:01 21.06.2021
Зерттеуге қатысушылардың бірі, профессор Ричард Хоббс бұл жаңалықты "пандемия үшін маңызды кезең" деп атады. Ғалымдар зерттеу жүргізіп, астмаға арналған ингаляторты қолдану коронавирустан айығу уақытын орта есеппен үш күнге қысқартуы мүмкін екенін анықтады.
Мұндай әсерге, сарапшылардың пікірінше, демікпе мен созылмалы обструктивті өкпе ауруларын емдеуге қолданылатын ингаляторлар құрамындағы будесонид ықпал етеді, деп хабарлайды Stan.kz.
"Денсаулық сақтау министрлігі жаңа мәліметтер түскен кезде осы емдеу әдісін сынау нәтижелерін бақылауды жалғастырады және қажет болған жағдайда ұсыныстарды түзетеді", – деді парламенттік министрдің орынбасары Джо Черчилль.
Британиялық дәрігерлер бұл дәрі-дәрмекті әр жағдайға жеке-жеке қолдануды жоспарлап отыр. Сарапшылар будесонидті коронавируспен күресу үшін үйде де қолдануға болатынын атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram