Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мәжілістің экс-депутаты қайтыс болды
Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының экс-депутаты, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының омбудсмені Тарас Кикбайұлы Хитуов қайтыс болды.
16:49 21.06.2021
Тарас Киікбайұлы Хитуов 58 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған аурудан дүниеден өтті. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинбүкіл депутаттық корпус атынан марқұмның отбасына, жақындары мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.
«Тарас Киікбайұлы адал еңбегі мен зор жауапкершілігімен еліміздің заңнамалық базасын жетілдіруге өлшеусіз үлес қосты. Отанының нағыз патриоты ретінде оның жарқын бейнесі халқымыздың және барша жақындарының есінде сақталатыны сөзсіз», - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Тарас Хитуов 1964 жылы 4 қаңтарда Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. КСРО кезінде бокс бойынша спорт мастері болды.
Еңбек жолын Маңғыстау облысы Ақтау қаласы пластмасс зауыты аппараттық құрылғыларды жөндейтін слесарь болып бастаған.
2002-2003, 2008-2010 жылдары Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды.
2003-2004 жылдары Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарды.
2016 жылы Nur Otan партиясы атынан Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram