Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Онколог бауыр қатерлі ісігінің белгілерін атады
Онколог дәрігер Андрей Пылев бауыр қатерлі ісігінің пайда болғанын білдіретін бірнеше симптомды атады.
19:17 21.06.2021
Дәрігердің айтуынша, бірқатар онкологиялық аурудың, соның ішінде бауыр қатерлі ісігінің бірнеше белгісі болады. Олар – салмақ жоғалту, ауырсыну, бейжайлық және әлсіздік.
"Егер ісік бауыр қақпасында болса және өт жолдарын басса, науқас сарғаюы мүмкін, егер ісік шетінде пайда болып, бауыр капсуласын созса, онда айқын ауырсыну сезімдері болады", - деді дәрігер.
Ісіктің бастапқы кезеңдерінде ешқандай белгі байқалмауы мүмкін немесе басқа аурулардың тасасында қалады. Көптеген эпидемиологиялық зерттеуге сәйкес, көп жағдайда бауыр ісігіне вирустық факторлар әсер етеді. Сондай-ақ ісік ағзада созылмалы қабыну процестері болған кезде пайда болады.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram