Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Сұлтанда автокөлік жол ортасында жанып кетті
Сейсенбі таңертең Нұр-Сұлтанда екі жеңіл автокөлік пен автобус соқтығысты.
18:54 22.06.2021
Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Құқық қорғау органдары мәлімдегендей, оқиға Республика мен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында шамамен 06.25-те болды. 20 жастағы "Лада" жүргізушісі Дүкенұлы көшесі жағынан Республика даңғылымен келе жатып, Бөгенбай батыр даңғылымен қиылыста бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен. Салдарынан 60 жастағы жүргізуші басқарған Hyundai Elantra-мен соқтығысты.
Ал Hyundai инерциямен қиылыста тұрған жолаушылар автобусына қарай ұшып кеткен. "Лада" өртеніп кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Лада" мен Hyundai жүргізушілері жарақат алды. Дәрігерлердің тексерісінен кейін екеуі де үйіне жіберілді.
Бұл факті бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram