{metadescription}
Алматы әуежайы мен теміржол вокзалдарында бақылау күшейтіледі

Алматы әуежайы мен теміржол вокзалдарында бақылау күшейтіледі

Алматыда әуежай мен вокзалдарда үнді штамына байланысты бақылау күшейтіледі.

Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді. Тексеру барысында мегаполис аумағына инфекция таралу жағдайларының алгоритміне және болдырмаудың алдын алу жөніндегі сақтық шараларына баса назар аударылды. 

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистің аумақтық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшинмен және қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевпен біге Алматы халықаралық әуежайы мен қала вокзалдарының аумағындағы санитарлық эпидемиологиялық қызметтердің жұмысын тексергені хабарланды.

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің елде «Дельта» (үнді) штамының айналымына қатысты тапсырмасын ескере отырып, жерүсті қызметтердің коронавирус инфекцияның таралуына қарсы дайындығы, ұшу аумағында инфекция симптомдарын анықтайтын жолаушылар үшін жекелеген инфекциялық бокстардың жұмысы тексерілді.

Әуежайға кіре берістегі Ashyq қосымшасы арқылы тестілеуге де назар аударылды. Күзет қызметіне орта есеппен әуежайға кіре берісте «қызыл» мәртебеге ие екі-үш жолаушы тіркелгені туралы хабардар етілді — инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін бұл адамдарға жедел шаралар қабылдануда.

Әуежай базасында аэропорт бөлімшелері басшылығы мен өкілдерінің қатысуымен коронавирус инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штабтың көшпелі отырысы өтті.

Эпидемиологтардың айтуынша, «Дельта» штаммы жоғары жұқпалы әрі анықталған штамдарға қарағанда 60% жұқпалы. Орташа алғанда, бір адамнан 5-6 адам жұқтырады, ал айналымдағы штамдардан 3-4 адам.

Штаммның инкубациялық кезеңі жеті күнді құрайды. Ғалымдардың зерттеулері коронавирустың «үнділік» штаммы ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің ықтималдығы жоғары екенін айтты.

«Үнді штамының симптомдары басқа, үйреншікті штамдардан өзгеше. Мысалы иіс сезу болмауы мүмкін. Алайда аурудың белгілері болған кезде дереу дәрігерді шақыруыңыз керек, өйткені жаңа штамм қауіпті. Осыған байланысты қала тұрғындары өзін-өзі емдеумен айналыспауы керек», - деді Бекшин. 

Әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров санитарлық-эпидемиологиялық қорғаудың барлық шараларын күшейтуді, оның ішінде әуежай қызметкерлерін вакциналауға шақырды. Сондай-ақ әуежайды дезинфекциялау жұмыстары жалғасады.

Айта кетсек, Алматы эпидемиологтары қауіпті «Дельта» штаммынан туындауы мүмкін коронавирус инфекциясының жаңа толқынын жоққа шығармайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 20 маусымға дейін SARS-CoV-2 «Дельта» штамы әлемнің 74 елінде анықталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде