{metadescription}
Алдағы күндері найзағай ойнап, бұршақ жауады

Алдағы күндері найзағай ойнап, бұршақ жауады

Қазгидромет синоптиктері 24-26 маусымға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды.

Мамандардың айтуынша, көптеген облыста күн әлі салқын болады.

"Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, 24 мамырда Павлодар облысында, 24-25 мамырда Шығыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Алматы облысында нөсер жаңбыр жауады", - делінген хабарламада.

Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

"Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Күндіз ауа температурасы солтүстікте 17-28 жылыға дейін, орталықта 20-35 жылыға дейін, солтүстік-батыста 25-40 жылыға дейін біртіндеп көтеріледі", - деді синоптиктер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде