{metadescription}
Алматы қайтадан «қызыл» аймаққа өтуі мүмкін

Алматы қайтадан «қызыл» аймаққа өтуі мүмкін

Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдайға байланысты «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өтуі мүмкін.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде айтты. 

«Маусымның басында қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып, «жасыл» аймаққа шыққан болсақ, қазір жағдай күрделеніп келе жатыр. Үндістандық дельта штаммы бізге де келді, күнде тіркеліп жатыр. Ай басында күніне жүз адам тіркелсе, бүгін 181 адам тіркелді. Науқастарды емдеуге қалада 7 мың төсек-орын дайындалған болатын. Барлық клиниканы қосқан кезде бұл көрсеткіш 1 730-ға дейін төмендетілді, қазір оның 33%-інде науқастар жатыр», - деді Сағынтаев.

Шаһар басшысы аталған емдеу мекемелерінде қазір жоспарлы қабылдау тоқтатылғанын атады.

«Жоспарлы түрде қабылданатын науқастарды қабылдау қазір тоқтатылды. Бір апта бойында бақылаймыз. Егер осылай жалғаса беретін болса, онда біздің жобамыз бойынша қазір «сары» аймақта тұрсақ, қызыл аймаққа өту қаупіміз бар. Үндістандық штамм соған алып келе жатыр», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.