Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы маңында әйел анасын өлтіріп, мәйітін үйдің жертөлесіне жасырған
Алматы облысының тұрғыны ішімдікке тойып алып, туған анасын пышақтап тастады.
09:02 01.07.2021
Алматы облысының полицейлері егде жастағы әйелді қасақана өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Марқұмның 57 жастағы қызы күдікке ілінді. Таяуда Жаңа Арна ауылының тұрғыны Іле ауданының полициясына 77 жастағы әйелі жоғалып кеткенін хабарлаған. Полицейлер егде жастағы әйелдің жоғалуына оның 57 жастағы қызының қатысы болуы мүмкін деп күдіктенген. Әйел "времянкада" ата-анасымен бірге тұрған.
Жауап алу кезінде күдікті анасын өлтіргенін мойындап, оның денесін жасырған жерді көрсетті. Белгілі болғандай, ішімдікке масайған әйел анасымен жанжалдасып, оған пышақпен тап берген. Ол анасын өлтіргеннен кейін мәйітті үйдің жертөлесіне жасырған.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезеңінде күдікті қамауға алынды, оған сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram