{metadescription}
Электронды вакциналау төлқұжатының QR коды пайда болады

Электронды вакциналау төлқұжатының QR коды пайда болады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жақында шетелге саяхаттауда сұралатын электронды вакциналау төлқұжатының QR коды пайда болатынын айтты.

Әзірге, ол тек қағаз түрінде.

"EGov mobile-да QR-код іске қосылады және жуырда ол қолжетімді болады. Сонымен бірге QR код вакциналау төлқұжатының қағаз нұсқаларында да бар. Сондықтан, егер шет елдерге саяхатқа барғысы келетіндер болса, онда шекарада қиындықтарға тап болмас үшін оның қағаз түріндегісін де бірге алып жүруге болады", - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

Шетелдерге, атап айтқанда, Қырғызстанға сапар шегетін көптеген қазақстандық шекарадан өту кезінде электронды вакциналау төлқұжатында бола бермейтін QR кодты талап ететіндігіне шағымданған. Оның көмегімен адамға вакцина егілгенін немесе емделмегенін білуге болады.

Дереккөз: zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде