Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда ПТР тестілері жоқ 32 шетелдік депортацияланды
Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында мегаполистің Халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.
16:12 01.07.2021
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматыда КВИ-дің таралуын болдырмау жөніндегі штабтың дерегі бойынша 2020 жылдың 6 қазанынан 2021 жылдың 30 маусымына дейін қаланың Халықаралық әуежайына бортында 424 799 жолаушы бар 2935 рейс келген. Оның ішінде COVID-19 теріс нәтижесі бар сертификаттармен - 395 431, вакциналану паспорттарымен - 3836, сертификаттарсыз 25 532 адам болды», - делінген хабарламада.
25500 адам карантиндік стационарға ПТР анализі үшін жатқызылды. Түркиядан (37), БАӘ-ден (35), Египеттен (33), Беларуссиядан (5), Украинадан (7), Мальдивтерден (4), Оңтүстік Кореядан (2), Малиден (1), Ресей (1). Теріс ПТР сынағы сертификаттарының болмауы салдарынан 32 шетелдік азамат Алматы әуежайынан елдеріне қайтарылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram