{metadescription}
Вакциналауға қарсы көрсетілімдердің тізбесі бекітілді

Вакциналауға қарсы көрсетілімдердің тізбесі бекітілді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері тағы бір қаулыға қол қойды.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен вакциналауға қарсы көрсетілімдердің тізбесі бекітілді.

Құжат бойынша вакцина енгізуге қарсы көрсетілімдер мыналар:

  • вакцинаның қандай да бір компонентіне (белсенді заттарға, қосымша заттарға) аллергия немесе осы вакцинаны алдыңғы енгізуге аллергиялық реакциялар;
  • ауыр созылмалы аурулар немесе анамнездегі аса жоғары сезімталдық;
  • жоғары температура немесе вакцинаны бұлшықет ішіне енгізген кезде пайда болуы мүмкін қан кету тәуекеліне байланысты аурудың жіті фазасы;
  • жүктілік және лактация кезеңі;
  • 18-ге дейінгі жасөспірімдерге;

Бас санитар қаулысында «вакцинациядан кейінгі ауыр асқынулар» ұғымына анықтама берілген.

«Вакцинациядан кейінгі ауыр асқынулар (анафилактикалық шок, ауыр жайылған аллергиялық реакциялар, құрысу синдромы, 40°С-тан жоғары температура)», - деп жазылған құжатта.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде