Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкентте карантин ұзартылды
Шымкент қаласы бас санитар дәрігерінің карантин режимінің мерзімін ұзарту туралы жаңа қаулысы жариялады.
19:05 01.07.2021
«Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын», - деп жазылған құжатта.
Қаулы талаптары бойынша Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын туған күн, мерейтой, құдалық, той, беташар және басқа кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Қалада 65 жастан асқан адамдардың жүруіне шектеу қойылған. Mаска режимін сақтау міндеттеледі. Құжат бойынша әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысы мына өлшемдер негізінде реттеледі. Сонымен бірге автовокзалдар мен автостанциялар, әдеттегідей жұмыс істейді.
Қаулы 2 шілдеден бастап күшіне енеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram