ШҚО-да карантин 15 шілдеге дейін ұзартылды
Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 15 шілдеге дейін ұзартылды.
20:16 01.07.2021
ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 15 шілдеге дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 10,0%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,993.
Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!