Алматыдан 400 шақырым қашықтықта екі рет жер сілкінді
Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 360 шақырым қашықтықта, сондай-ақ Алматы қаласынан шығысқа қарай 378 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінді.
10:25 02.07.2021
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2 шілдеде Алматы уақыты бойынша 6 сағат 28 минут 56 секундта (Гринвич бойынша 00 сағ 28 мин 56 сек) жер сілкінісін тіркеді.
- Зілзаланың энергетикалық санаты – 10,3.
- MPV магнитудасы – 4,2.
- Жер сілкінісі ошағының координаттары – 42.20° с.е. 81.09° ш.б.
- Тереңдігі – 10 шақырым.
Жер дүмпуінің сезілгені туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2 шілдеде Алматы уақыты бойынша 7 сағат 15 минут 43 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп жазады ҚазАқпарат. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 378 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
- Зілзаланың энергетикалық санаты – 11,8.
- MPV магнитудасы – 4,3.
- Жер сілкінісі ошағының координаттары – 43.21° с.е. 81.56° ш.б.
- Тереңдігі – 10 шақырым.
- Жер дүмпуінің сезілгені туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Кетмен ауылында 2 балл.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!