{metadescription}
Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жүреді

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жүреді

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады.

 Жексенбі, 4 шілдеде қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. 

"Жексенбі, 4 шілдеде қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", - деп хабарлады CTS көлік компаниясы.

Ал 5, 6 шілде және жұмыс күндері автобустар штаттық режимде қатынайды. CTS жолаушыларға автобусқа бетпердесіз кіруге болмайтынын тағы бір мәрте ескертті. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді: көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.

Айта кетейік, 6 шілде қазақстандықтар астана күнін тойлайды. Үкімет қаулысымен 3 шілде, сенбі күнгі демалыс 5 шілде, дүйсенбіге ауыстырылды. Осылайша аптасына бес күн жұмыс істейтіндер қатарынан үш күн – 4, 5 және 6 шілде демалады. Ал аптасына алты күн істейтіндер үшін 4 және 6 шілде – демалыс.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.