Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Теңіз кенішіндегі мұнай желісінде ақау болды
Атырау облысында орналасқан Теңіз кенішіндегі мұнай желісінде ақау болды.
14:40 02.07.2021
Облыстық Экология департаментінен мәлім еткендей, кеше, 1 шілдеде сағат 17:40-та «Теңізшевройл» ЖШС игеріп жатқан Теңіз кен орнындағы мұнай желісінде ақау пайда болған.
«Екінші буын зауытының мұнай желісінде клапанның жабылу себебінен зауыт жұмысы мен шикі газды жер қойнауына айдау өндірісі тоқтатылды. Өндіріс пен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алауда отын газы жағылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты департамент мамандары жоспардан тыс тексеру жүргізбек. Ақаудың себептері мен өзге де мәліметтер содан кейін хабарланады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram