{metadescription}
Он жастағы қыз ерте қартаюдан көз жұмды

Он жастағы қыз ерте қартаюдан көз жұмды

Украинада он жастағы жеткіншек ерте қартаю салдарынан көз жұмды.

Ира Химичтің қайтыс болғаны туралы оның анасы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Ирочка қайтыс болды. Кеше оның жүрегі тоқтап қалды. Күнім, бұл жолы құтқара алмадым, кешір", - деп жазды Дина Химич.

Қыз бала прогерия атты емделмейтін сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдыққан. Оны Хатчинсон-Гилфорд синдромы деп те атайды. Ираның анасы әлеуметтік желіде қызының суреттерін жариялап, оның оқудағы жетістіктері мен қайырымдылық акцияларына қатысқаны туралы тұрақты жазып келген.

Прогерия – балаларда кездесетін клиникалық тұрғыда мерзімінен бұрын қартаю белгілері бар генетикалық ауру. Ауру терінің және ішкі ағзалардың жылдам өзгеруіне әкеледі. Әдетте нәресте бірнеше ай бойы қалыпты дамиды. Бірақ содан кейін адам сенгісіз өзгерістер басталып, қартаю процесі жеделдейді.

Бүгінде балалардағы прогерия кезінде өмір сүру ұзақтығы 13 жасты құрайды. Бұл ауру көп жағдайда баланың екі-үш жасында анықталады. Ирина Химичке бұл диагноз бес жасында қойылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде