{metadescription}
Бекшин дельта штамы алғаш анықталған науқас вирусты қайдан жұқтырғанын айтты

Бекшин дельта штамы алғаш анықталған науқас вирусты қайдан жұқтырғанын айтты

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың дельта штамы алғаш анықталған адам вирусты қай жерде жұқтырғанын айтты.

Алматыда коронавирус инфекциясының үнді штамы бірінші болып 38 жастағы әйелден анықталды. Кейінірек оның сегіз жастағы баласы да COVID-19-ның осындай түрін жұқтырғаны белгілі болды. Бекшиннің айтуынша, ол инфекцияны сауда дүкендерінде жүргенде жұқтырған.

"Әйел осы кезеңде пәтерін жөндеумен айналысқан. Құрылыс материалдарын сататын ірі дүкендерге барып жүргенде, мүмкін, инфекция жұқтырды (коронавирустың дельта штамы - автор). Ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық. Олар ауруханадан шығарылып, үйде дәрігерлердің бақылауында", - деді қаланың бас санитария дәрігері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.