{metadescription}
Алматыда коронавирустың төртінші толқыны басталды

Алматыда коронавирустың төртінші толқыны басталды

Алматыда үнді штамының таралуына байланысты коронавирустың төртінші толқыны басталды.

Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

«Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауының басты себебі вирустың жаңа штамдарының пайда болуы. Дерттің күрт өсуін коронавирустың «төртінші толқыны» деп атауға болады. Біз індетке қарсы тұра аламыз, қазірдің өзінде 3 500 төсек-орын дайындалды. Бүгінгі күні науқастарға арналған 1 760 төсек-орын бар. Олардың санын 35%-ға арттырамыз», - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол Алматы эпидемиологтары коронавирус инфекциясын жұқтырудың ең ықтимал орындарын анықтағанын жеткізді.

«Мысалы, отбасылық шаралар, тойлар, мерейтойлар, еске алу кештері 1,7%. Сондай-ақ түнгі клубтарға келушілер, караоке орындары 0,2%-ға өскен. Ал ASHYQ жобасына қатысатын нысандарда инфекция тіркелмеген. Бұл ретте отбасыларда жұқтырудың үлес салмағы – 25%, сауда нысандарында – 23%, қоғамдық көлікте қатынау – 16,7%, бұқаралық іс-шараларға қатысу кезінде – 6%», - дейді ол.

Жандарбек Бекшин мегаполис тұрғындары мен қонақтарына демалыс және мереке күндері бұқаралық іс-шараларға, клубтарға барудан бас тартуға, санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде