Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанайда әкесі баласын балтамен ұрып өлтірді
Қостанайда әкесі мен баласының арасында туындаған жанжалдың соңы қайғылы болды, деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
11:48 03.07.2021
Анықталғандай, 30 жастағы жігіт мас күйінде күзетші болып істейтін әкесінің жұмысына келген. Әке мен бала арасында жанжал шыққан. Салдарынан ер адам ұлының басынан балтамен ұрған. Қостанай облысы полиция департаментінің ақпаратынша, 73 жастағы күдікті ұсталды.
Полиция басқармасы облыс орталығының 30 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша сот алдындағы тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде, ол сот алдындағы тергеудің Бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлімі («Адам өлтіру») бойынша тіркелген.
Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram