Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Құжатқа сәйкес, аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, "Атамекен" ӨКП филиалы, ұйымдар мен мекемелердің басшылары бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2021 жылғы 1 шілдедегі қаулысының орындалуын қамтамасыз етуі керек.
09:00 04.07.2021
"Театрлар, кинотеатрлар мен филармониялар толымдылығы 30 процент болса, ал концерт залдарының толымдылығы 10 процент болса ашық болады. Олар "ASHYQ" жобасына қатысушы болуы керек", - делінген қаулыда.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары жексенбіден басқа аптаның барлық күндері жұмыс істейді. Жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, алдын ала жазылу бойынша. Азық-түлік дүкендеріне, минимаркеттерге, үй жануарларына арналған дүкендерге бару үшін "ASHYQ" қосымшасы қажет емес.
Бұқаралық іс-шараларға (ойын-сауық, спорт, діни, отбасылық банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу шаралары және осыған ұқсас кез-келген, соның ішінде үйде өткізілетін шаралар), конференцияларға, митингілерге, шерулерге, жиындарға, форумдарға және басқаларына тыйым салынады.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram