Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қызылорда маңында ұшақ құлады
Төтенше жағдай бүгін, 4 шілдеде сағат 07.00 шамасында болған.
10:15 04.07.2021
АН-2 ұшағы Қызылорда маңында апатқа ұшырады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі. 4 шілдеде сағат 07.00 шамасында АН-2 ұшағы Қызылорда қаласындағы Қарауылтөбе ауылынан 12 км қашықтықта күріш алқаптарын өңдеп жатқан кезде апатқа ұшырады.
Ұшып көтерілгеннен кейін бірнеше шақырым өткен соң, техникалық ақау салдарынан шұғыл қонған кезде құлады. Бортта 1954 және 1967 жылы туған екі ұшқыш болған. Олар ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram