{metadescription}
Түркістанда Назарбаевтың тағы бір ескерткіші бой көтерді

Түркістанда Назарбаевтың тағы бір ескерткіші бой көтерді

Ескерткіш Назарбаевтың егіс алқабында түскен фотосуретіне қарап жасалған.

Түркістанда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Еңселі ескерткіштің биіктігі – 4 метр, тұтастай қоладан құйылған мүсіннің авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретшілер одағының мүшесі Тілеуберді Бинаш.

"Ескерткіш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың егіс алқабында түскен фотосуретіне қарап жасалған. Түркістандағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орнатылған мүсіннің композициясында "Ұлы Даланың Ұлы" атты Елбасы ескерткішінде қарт Қаратаудың сұлбасы бейнеленген. Автор Елбасының Қаратау жазығында шексіз далаға байыппен қараған сәтін суреттеген", - делінген хабарламада.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ескерткіш қою туралы бастаманы кәсіпкер Болатбек Алиев көтерген.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.