Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Автобус қатынасы тоқтайды: Павлодарда карантин күшейтілді
Павлодар облысы бас мемлекеттік дәрігерінің 4 шілдедегі №15 қаулысы шықты.
18:08 04.07.2021
COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттану жағдайларының жалғасуына және елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссияның отырысында шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылданды.
Қаулыға сәйкес келесіздей өзгерістер енгізілді:
- облысаралық, облысішілік, қалааралық, ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалдарына (Павлодар-Ақсу, Павлодар-Кемеңгер, Павлодар-Заңғар бағыттарын қоспағанда);
- мәдениет объектілерінің (дайындықтар), театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының қызметіне, спорттық іс-шаралар өткізуге;
- еске алу өткізуге, банкет залдарының қызметіне;
- күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге;
- демалыс күні азық-түлік жәрмеңкелерінің жұмысын ұйымдастыруға;
- бильярд, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салынады.
Жұмыс тәртібі және толтырылуы бойынша шектеулер:
- мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне топтардың толымдылығы 25-тен аспаған жағдайда рұқсат етіледі;
- діни объектілер жұмысын жалғастыра береді, алайда жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізбейді;
- қызметкерлердің 80% қашықтықтан жұмыс істеу режимі;
- қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақытын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, толымдылығы 50%-ға дейін, адам саны 30-дан аспауы тиіс, асхана типі бойынша объектілер – сағат 24.00-ге дейін; туризм объектілерінің, халықтың тұрғылықты жері бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың қызметі 80%-дан артық болмауы тиіс;
- балалар түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтарында адам саны 15-тен аспауы тиіс.
Сенбі және жексенбі күндері жұмысты тоқтата тұру:
- сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт нысандары, жабық базарлар, СОО, сауда үйлері, сауда желілері (азық-түлік тауарларын сататын объектілерді, дәріханаларды, сұлулық салондарын, сабын-жуу тауарларын, гигиена құралдарын, зоотоварларды, білім беру үйірмелерін, вакцинация пункттерін, сондай-ақ «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда).
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram