Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда тұратын туыстарына қонаққа келген әйел екі ұлымен бірге көз жұмды
Ауыл тұрғындарының айтуынша, әйел үш баласымен бірге Ресейден күйеуінің туыстарына қонаққа келген.
10:40 05.07.2021
Батыс Қазақстан облысында 36 жастағы әйел мен оның екі ұлы суға батып кетті. Трагедия 4 шілде Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында болды. Куәгерлердің айтуынша, әйел үш баласымен бірге Ресейдің Анапа қаласынан күйеуінің туыстарына қонаққа келген.
"Олар жағаны бекіту жұмыстары жүріп жатқан маңда суға кетті. Ол жердің тереңдігі – алты метр. Судан екі бала мен олардың анасының денесі шығарылды. Анасы киімшең, балалардың үстінде киім болған жоқ. Өзен жағасында балалар самокаты тұр. Олардың қалай батып кеткенін ешкім көрген жоқ. Балалар шомылып жүріп суға бата бастағанда, анасы құтқаруға тырысқан шығар", - деді Жарсуат ауылының тұрғыны.
Әйелдің артында екі жасар баласы қалды. Қазір сәбиге атасы мен әжесі қарап жатыр. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, Жарсуат ауылының тұрғындары судан үш адамның – 36 жастағы әйел және оның 5, 7 жасар ұлдарының мәйітін алып шықты. Құтқарушыларға хабар 20.40-та түсті.
"Қаза болғандар Ресей Федерациясының тумасы", - деді департаменттегілер.
Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр, істің мән-жайы анықталуда.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram