{metadescription}
0:000:00

Қарағанды облысының үш ауылында төтенше жағдай жарияланды

Қарағанды облысында жайлаудағы өрттің салдарынан жүздеген мал басы қырылып, ер адам мерт болды. 

Қарағанды облысы Ұлытау ауданында дала өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.

"Ұлытау ауданының Жангелді, Ақтас, Амангелді үш ауылдық округінде дала өртіне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Қазіргі уақытта ауылдар зардап шеккен жоқ", - делінген облыс әкімдігінің ресми сайтында.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров Ұлытау ауданына келді. Малы қырылған немесе жайылымы өртенген шаруалардың шығынын есептеу үшін арнайы комиссия құрылды. Қарағанды облысының әкімі жағдайды жеке бақылауына алды.

Облыстық ТЖД жедел штабының ақпаратынша, Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров, Бұқар жырау, Шет, Нұра аудандары мен Қаражал қаласының аумағында 17 өрт ошағы бақылауға алынды. Оқиға орнында тәулік бойы 70 бірлік техника, ТЖД-ның 350-ден астам қызметкері мен еріктілер жұмыс істеп жүр.

Қазіргі кезде17 дала өртінің 10-ы сөндірілді. Оның үшеуі Ұлытау ауданының аумағында, екеуі Бұқар Жырау ауданының аумағында, біреуі Шет ауданында, екеуі Нұра ауданында, біреуі Осакаров ауданында және біреуі Қарқаралы ауданының аумағында.

"4 шілдеде Ұлытау ауданы Қоскөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде 1998 жылы туған ер адамның өртенген денесі табылды. Көз жұмған адам ерікті өрт құрамы қатарында болмаған және дала өрттерін сөндіруге тартылмаған. Оқиғаға қатысты тексеру жүргізілуде", - деді Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде