{metadescription}
Атырау облысында вакцина салдырған әйел есінен талып қалған

Атырау облысында вакцина салдырған әйел есінен талып қалған

Әлеуметтік желіде Атырау облысы Теңіз вахталық кенттердің бірінде коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін есінен танып қалған әйелдің видеосы таралуда.

"Теңізшевройл" компаниясының баспасөз қызметі видеоға түсініктеме берді. Компания вакцинациядан кейінгі бақылау кезінде вакцинация орталығында мердігер компаниялардың бірінің қызметкері ауырып қалғанын растады.

"Қазіргі уақытта қызметкердің жағдайы тұрақты, ол толық медициналық тексеруден өтіп жатыр. Денсаулық жағдайы мүмкіндік берген кезде ол клиникадан шығарылады", – деді баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта теңізде 28 000-нан астам қызметкер вакцинацияланды және бұрын мұндай жағдайлар тіркелмегенін атап өтті. Белгілі болғандай, вакцинациядан кейін ұстамасы басталған әйел бұрын эпилепсиямен тіркелген, деп жазады "Ақ Жайық".

Әйел Sicim компаниясының қызметкері, "Спутник V" (екінші компонент) вакцинациясынан кейін 30 минуттық бақылау кезінде эпилептикалық ұстамасы басталған.

"Бірінші компонентті егу 2021 жылдың 5 маусымында қалыпты өткен. Вацина салатын күні әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық болған, шағым, дене қызуы болмаған, ол вакцинацияға ерікті түрде келісім берді, алайда ол бұрын тұрғылықты жері бойынша невропатологта эпилепсия туралы есепте тұрғанын жасырған.

2010 жылы ол эпилепсиялық талмаға ұшырағаны анықталды,  ол тексеруден өтіп, тұрғылықты жері бойынша невропатологта тіркеуде тұрған. Оның сөзіне қарағанда, одан кейін ұстамасы ұстамаған. Дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмекпен ем алған", - делінген хабарламада.

Әйелге дереу егу пунктінің медицина қызметкерлері шұғыл медициналық көмек көрсетті, содан кейін оны ТШО клиникасына жеткізді, онда ол 4 шілде күні таңертеңге дейін дәрігердің бақылауында болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.