Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағанды облысында өрттен жас жігіт көз жұмды
Қарағанды облысында Ұлытау ауданының Байқоңыр ауылында өрт салдарынан 23 жастағы қарағандылық көз жұмды.
16:47 05.07.2021
Бұл туралы Instagram-дағы etozhez паблигі облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің сөзіне сілтеме жасап хабарлады. Өрт Керегетас, Ойшыбар, Қалыбай, Демеубай, Сарысай, Қызылсай, Ермек және тағы басқа ауылдарды шарпыды.
Қоскөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерді тексеру кезінде жанып кеткен УАЗ автокөлігінің ішінен 1998 жылы туған ер адамның денесі табылды. Жас жігіт өрт сөндіру жасақтары еріктілерінің қатарында болмаған және дала өртін сөндіруге тартылмаған. Өлімнің себебін Ұлытау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр.
"4 шілдеде Қарағанды облысының аумағында дала өртінің 12 ошағы бақылауға алынды, оның ішінде Ұлытау ауданының аумағында екі дала өрті тіркелді", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Жангелдин ауылдық округі шаруа қожалығының аумағында өртеніп кеткен 200 бас ұсақ мал және 10 бас ірі қара табылды. Өртті сөндіруге 298 адам мен 77 техника, оның ішінде ерікті өрт сөндіру жасақтары жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы орган Жангелдин, Ақтасты және Амангелді ауылдық округтерінде жергілікті ауқымда төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram