Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында үш жолаушысы бар тікұшақ құлады
Алматы облысында Eurocopter "EC 130B4" тікұшағы құлады.
10:01 06.07.2021
Бұл туралы азаматтық авиация комитеті мәлімдеген. Оқиға 2021 жылдың 5 шілдесінде Алматы облысында сағат 17: 40-та болған. Eurocopter "EC 130B4" тікұшағы жайлы қонбаған, тіркеу нөмірі UP-EC008, "AVIA" ЖШС пайдаланушысы. Әуе кемесінің бортында экипаждың бір мүшесі және екі жолаушы болған. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. Ұшақ жолаушылары орындықтың шынтақ қойғышына таласып, төбелесіп қалды
"Аталған факті бойынша комиссия құрылды, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады", - деп хабарлады ААК.
Eurocopter EC 130B4 – әртүрлі мақсаттарға арналған тікұшақ. Салоны алты орындық, деп жазады stan.kz. Тікұшақты экскурсиялық ұшулар, VIP-жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланады, теңізде және тауда жұмыс істеу, аэротүсірілім және тағы басқа жағдайларда қолданылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram