{metadescription}
Кеуделерінде киім болмағаны үшін екі жігітті 10 адам жабылып ұрған

Кеуделерінде киім болмағаны үшін екі жігітті 10 адам жабылып ұрған

Жанжалға жалаңаш жүргені себеп болған.

Қостанай облысында жастар арасында болған төбелестің мән-жайы анықталды. Полицейлердің айтуынша, жәбірленушінің бірі дүкенге жейдесіз кіріп, сондағы бір азамат оған ескерту жасаған. Сол сөз жаға жыртысуға түрткі болыпты.

«Қазір видеоны зерделеп жатырмыз. Тек содан кейін құқықтық баға беріледі. Оның үстіне жарақат алған азаматтардың ауруханадан шықанын күтеміз. Сараптама жасалуға тиіс. Соның нәтижесімен тағы бірнеше баппен іс қозғалуы мүмкін. Әзірге бұзақылық бабы бойынша қаралып жатыр», - дейді Қостанай облысы ПД бергеу басқармасының бөлім бастығы Артем Ткаченко.

Рудный қаласында болған оқиға үлкен дау туғызды. Екі жігітті бір топ азаматтың жабыла тепкілеп жатқан видеосы әлеуметтік желіге тараған. Артынша жәбірленушілердің туыстары үндеу тастап, бұзақыларды қатаң жазаға тартуды талап еткен. Оқиға 2-шілдеде түнде болған.

Кадрлардан екі жігіттің оңбай таяқ жегені көрінеді. Біреуінің миы шайқалып, екіншісінің жағы сынып аурханада жатыр. Ал өзінен 5-6 жас үлкен жігіттерді сабаған 17-19 жас аралығындағы азаматтар. Олардың төртеуі күдікті ретінде тергеліп жатыр.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде