Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Баянауылда 2 жасар бала трактордан құлап, көз жұмды
Полиция тексеру жүргізіп жатыр.
12:41 08.07.2021
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 шілде күні сағат 15:30-да Баянауыл ауданы Қаражар ауылында үйдің ауласында 2019 жылы туған бала "МТЗ-82" тракторының салонынан жерге құлап түскен.
"Сәби ауруханаға жатқызылды. Өкінішке орай, алған жарақатынан есін жимастан көз жұмды. Кәмелетке толмаған балаларды бірнеше секундқа да қараусыз қалдырмаңыз. Балаға бір жерге көтерілуге немесе жүгіруге 10-20 секунд жеткілікті. Әсіресе кішкентай балаларды назардан тыс қалдырмаңыздар", - делінген хабарламада.
Тексеру жүргізіліп, сараптама тағайындалды.
Дереккөз: Pavlodarnews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram