Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Коронавирус жұқтырмау үшін антидене көлемі қандай болуы керек
Коронавирусқа қарсы жаппай міндетті вакциналау енгізілгеннен кейін адамдар екпе салғызған соң антиденелер деңгейінің төмен болуы ықтималдылығына қатысты алаңдаушылық таныта бастады.
13:40 08.07.2021
Мұндай жағдай не себепті қалыптасады және ол үшін алаңдаған дұрыс па, осы туралы Еуропа медицина орталығының жалпы тәжірибе дәрігері Александр Доленко айтып берді.
"Қазіргі уақытта антиденелер көлемі аз немесе жеткіліксіз деген ұғым жоқ. Өйткені антиденелердің қандай деңгейі аурудың алдын алуға жеткілікті, ал қаншасы вирусқа төтеп бере алмайтыны туралы қандай да бір шекті мән әлемде белгіленген", - деді ол "Прайм" агенттігіне.
Әрбір адамның иммундық жүйесінің ерекшелігіне қарай антиденелер мүлде қалыптаспауы немесе аз көлемде түзілуі мүмкін. Мысалы, егде жастағы адамдар арасында осындай жағдай тіркелуі заңдылық.
Оның айтуынша, вакциналау тиімділігі антиденелер қалыптасуымен шектеледі деп ойлаған дұрыс емес. Әйтсе де вакциналау нәтижесін білу үшін екпенің екінші дозасын салғызғаннан кейін 21 күн өткен соң тест жасауға болады.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram