{metadescription}
Балық аулауға шыққан азамат Сырдарияға батып кетті

Балық аулауға шыққан азамат Сырдарияға батып кетті

Қызылорда тұрғыны, балық аулауға шыққан 46 жастағы азамат Сырдария өзеніне батып кетті.

Оқиға кеше, 7 шілдеде сағат 23.00 шамасында болды. 1975 жылғы азамат облыс орталығындағы «Рисмаш» аумағында Сырдарияға балық аулауға шығып, суға батып кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

«Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушысы 1 техникамен және суға жүзу қайығымен оқиға орнына барды. Іздеу шаралары нәтижесінде азаматтың мәйіті бүгін, 8 шілдеде сағат 6.05-те судан шығарылды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.

Еске сала кетейік, Баянауылда 2 жасар бала трактордан құлап, көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде