{metadescription}
4 баланың анасы вакцина алғандар арасындағы лотереядан миллион доллар ұтты

4 баланың анасы вакцина алғандар арасындағы лотереядан миллион доллар ұтты

АҚШ-тың Колорадо штатында төрт баланың анасы коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға арналған лотореядан 1 млн доллар ұтып алды.

Мамырда губернатор Джаред Полис екпе алғандар арасында өтетін лотереядан бес тұрғын осындай сома ұта алатынын хабарлаған болатын. Ақша иммундау ауқымын арттыру мақсатында штатқа бөлінген федералды қаражаттан беріледі.

"Бұл сыйлық төрт баламды өсіру үшін көп көмектеседі. Бірақ мен осы ақшаның көмегімен басқаларға қол ұшын созамын деп үміттенемін", - деп келтіреді Хейди Расселдің сөзін CBS телеарнасы. 

Отбасының басқа мүшелері де ұтысты өздеріне пайдалы етіп жұмсайтынын айтады. Мысалы, Расселдің айтуынша, оның қыздарының бірі осы қаражаттың ішінен өзінің колледждегі оқуының ақысын төлемек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде