{metadescription}
Ақтауда сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіт біртүрлі жағдайда қалды

Ақтауда сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіт біртүрлі жағдайда қалды

Ер адамның жасаған тосын сыйы жұрттың көңілінен шықты.

Алайда бойжеткен айтарлықтай риза бола қойған жоқ. Ақтау тұрғыны оған ерекше ұсыныс жасады. Дегенмен бойжеткен неке жүзігін алудан бас тартты.

"Лада" порталының хабарлауынша, ер адам кинотеатрмен келіскен. Фильм аяқталған соң экранға бойжеткеннің суреттері шықты. Өзге келушілер романтикалық сәтке куә болды. Кейбірі камераға түсірді.

"Экранда қыздың фотолары пайда болып, музыкамен видео көрсетілді. Одан соң фейерверк басталды. Бұдан соң жігіт сүйіктісін шақырып, бір шоқ гүл тарту етті", - деді қала тұрғыны Гавриил Кулеш.

Бірақ мұның бәріне қарамастан, бойжеткен "жоқ" деп жауап берді.

"Олар екеуі бір нәрсені талқылады. Кейін жігіт сүйіктісі келіспегенін айтты", - дейді Гавриил Кулеш.

Желіде тараған видеода адамдар жігітке қолдау көрсетіп жатқаны естіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде